Page 196 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 196

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                Көктем                                           special.edu.kz.

                                Жайдары жүз, нұрлы көктем,
                                Жылы жібек ескен желі.
                                Күн жарқырап көк жиектен
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                Тулап ақты тау өзені.                                            special.edu.kz.

                                Қырда қызыл гүл жайқалып,
                                Шық мөлдіреп жасыл шөптен.
                                Көк шатырлап буырқанып,
                                Меруерттей жауын төккен.

                                Қара бұйра будақталып,
                                Көк торғында бұлты көшкен.
                                Ақ жібектей шумақталып,
                                Бозғыл тұман тауға шөккен.
 special.edu.kz.                Алма бағы гүлін жарып,                                           special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.

                                Таза ауаға жұпар сепкен.
                                Барлық әлем бір жаңарып,
                                Жан біткеннің көңілі өскен.

                                Балалар да бойын жазып,
                                Көк майсаға салады асыр.
                                Гүл тереді тауға барып,
                                Бәйшешегі қызыл-жасыл.


                                Құлын ұстап, қозы қуып,
 special.edu.kz.                                                                   (З. Қалауова)  special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
                                Төл күтісіп қуанышпен.
                                Өрби өскен мал мыңғырып,
                                Жаңа көктем – жаңа іспен.





                 1. Басқаша айт.
                 Жылы жібек ескен желі – … .
                 Меруерттей жауын төккен – … .



             194
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201