Page 203 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 203

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                 9 мамыр – Жеңіс күні                                            special.edu.kz.


                                     Әзиздің арманы

            Кішкентай Әзиз үлкейгенде де дәл осы күнді ешқашан да
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        ұмытпайды. Мамырдың жылы бір күнінде Дүйсен атасы оны

        қолынан жетектеп Республика алаңына алып келді. Әлі тым
        ерте болатын, Күн енді ғана қала үстінен көтеріліп келетін.
            Бірақ алаңда халық көп еді. Түрлі түсті шарлар, жалау-
        шалар, әсіресе  гүлзардағы қызғалдақтар алыстан көз тар-
        тады.
            Кеудесіне орден, медальдарын таққан Дүйсен ата  жас
        көрінеді. Солдаттар мен офицерлер оған сәлем беріп жат-
        ты. Әзиз атасына қарап, өзін де әскерше ұстауға тырысты.
            Олар мінбеден орын алды. Шеру басталды. Әзиз өтіп
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        бара жатқан танкілерден, зымыран қондырғыларынан, зең-
        біріктерден көз алмады. Аспанда қаз-қатар тізіліп ұшақтар
        ұшып өтті. Алаң бойымен сап түзеген әскерлер жүріп өтті.
            Бәрін тамашалап тұрған Дүйсен ата  басын шайқап:
            – Біздің Армия қандай керемет! Заманауи, күшті! Мұндай
        әскерлер қандай тапсырма болсын орындай алады.
            Әзиз атасының жас кезінде соғысқа қатысқанын біледі.
        Оның кеудесіндегі ордендер мен медальдары әрбір ұрыстың
        естелігіндей. Ең бастысын – Қызыл жұлдыз орденін – Прохо-
        ровка деревнясының жанындағы танкілер ұрысы үшін алған.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Әзиз атасының батыр екенін мақтаныш етеді. Оқушылар-
        дың атасына қалай гүл сыйлағандарын көрген Әзиз:
            – Үлкейгенде менің де көптеген орден, медальдарым бо-
        лады, – деді.
            – Сенің  орден, медальдарың соғыс үшін емес, тек еңбек-
        тегі табысың  үшін ғана берілуін тілеймін, – деп Дүйсен ата
        қатты күрсінді.

                                                                     (А. Әлмұратова)



                                                                                   201
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208