Page 39 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 39
special.edu.kz.
2. Өлеңді мәнерлеп оқы. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ғажапсың, Қазақстаным!
Бейтаныс маған тұл заман,
special.edu.kz. Білмеймін өткен ғасырды. special.edu.kz.
special.edu.kz.
Онда мен, елім, тумағам,
Көргем жоқ төккен жасыңды.
Сені мен сол бір кезде де
Сүйер ем қайран шешем деп.
Шешеден бала безді ме,
Шерменде, жарлы екем деп.
Ес білген өзім шағымда ал,
special.edu.kz. Шаруа жайың шағындау, special.edu.kz.
special.edu.kz.
Мың шүкір, ондай емес те ең.
Шырқауы кейін белесте ең.
Ұрығын сеуіп жас баудың,
Гүл сеуіп жаттың арадай.
Ұл мүлкін, қыздың жасауын
Тырнақтап жиған анадай.
Ал бүгін көркің мүлде өзге,
Ғажапсың, Қазақстаным!
special.edu.kz. Кім айтар сені бір кезде special.edu.kz.
special.edu.kz.
Көрді деп өмір қыспағын.
Еңбекке десе – ұстасың,
Егеске түссең – батырсың.
Жеміс пен жеңіс ұштасып,
Аршындап келе жатырсың.
special.edu.kz. special.edu.kz. 37 special.edu.kz.