Page 60 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 60
special.edu.kz.
special.edu.kz.
тың жұмыртқасының босап қалған қабығы жатыр. Жұмырт- special.edu.kz.
қаның шұбар қабығын шыршаның іргесіндегі күртік қарға
әлдекім жаңада ғана тастаған сияқты. Жұмыртқа жаңада
ғана жарылған, оның іш жағындағы үлпек қабыршағы әлі
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қатая қоймаған. Қыстыгүні орманда кішкентай құстың жаңа
жас жұмыртқасының табылуы Қарлы кітаптағы әлдеқалай
бір қапыда болған қате ме деп ойлайсың. Бірақ қарда із не-
месе белгілі бір зат болған соң қалай қате болады. Мұнда
ешбір қате жоқ, бұл жерде мұны тастаған жануар бар.
Қызғылт жүнді кішкентай құстың шырылдаған мазасыз
дауысы оған көңіліңді амалсыздан аударады. Құстың қазір-
гі барлық мінезі, дәл осы жерде оның ұясы бар, өзі қалай
болса да бірдеңеден өте мазасы кетіп тұрғанын сездіреді.
Қанша таңырқарлық болғанымен, мына жатқан жұмыртқа-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ның қабығы мына шыршадағы оның ұясынан тасталған, сон-
дықтан құстың неліктен тынышсызданып тұрғаны түсінікті,
шыршаның қарлы бұтағы астындағы ұяда жаңа ғана жарып
шығарған балапандарын жылытып кішкентай ғана сарғыш
құс отыр.
Бұл құстарды қайшыауыз деп атайды. Барлық кішкентай,
ұсақ құстардың ішінде тек осы құс қана қыста ұя салады.
Алғашқы жұмыртқасын салысымен құс ұясынан ешқай-
да кетпейді, өйткені жұмыртқа үсіп кетуі мүмкін, сондай-ақ
балапан шығарған соң да ешқайда кетпейді. Оның еркегі
жанұясын жалғыз өзі асырайды және шыршаның бұтағы-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
на қонып анда-санда сайрауы да керек болады. Қыстыгүні
шешесінің бауырында тығылып жатқан қызылшақа бала-
пандар көзге жат көрінеді. Ұя тесігінің сыртқы аузында бу
бұрқырайды.
Қар еріп, өзендер ағып, жер үсті көктеп, жасара баста-
ғанда, қайшыауыздар да балапандарын ұшыруға асығады.
Жазғытұрым қылқанды, тікенді ағаштардың бүршіктері қыл-
қандарын шығарады, тұқымдарын шашады. Бұл кезде ол ба-
58
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.