Page 5 - 5.3
P. 5

special-edu.kz.











                                                                                                 special-edu.kz.
                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                                                  АЛҒЫ СӨЗ

                Жұмыс дәптері 0-сыныбына арналған математика оқулығына

            қосымша болып табылады. Ол оқушымен жеке жұмыс жүргізуге
            арналған.

                Жұмыс  дәптеріндегі  жаттығулар  оқушыларда  қарапайым
            математикалық ұғынымдарды қалыптастыруға бағытталған. Оқушы
            жұмыс дәптеріндегі жаттығуларды орындай отырып қағаз бетінде

            бағдарлауға; таныс заттардың иллюстрациялық және кескіндік
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            бейнесін  тануға;  қарындашты  пайдалана  отырып  қарапайым

            графикалық жұмыстарды (нүкте бойынша, үзік сызықтар бойымен
            жүргізуге, дөңгелете сызуға, суретті айналдыра сызуға, суретті

            аяқтауға, бояуға және т.б.) орындауға үйренеді.
                Оқушы дәптердің басқа беттеріне алаңдамауы үшін бір бетті

            дәптердің белгіленген жерінен ұқыптылықпен кесіп алып, оқушыға
            береді. Оқушының барлық жұмыстарын, оқытудың дайындық
            кезеңі аяқталғанда, баланың жетістіктерін талдау үшін бір қалтаға

            (портфолио) жинау қажет.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                Жұмыс дәптерінде баладан белсенді әрекеттерді талап ететін

            жаттығулар:  қарау,  сәйкестікті  табу,  нобай  бойымен  жүргізу,
            нобайдың ішін штрихтау, суретті аяқтау және т.б. ұсынылады. Бұл
            әрекеттер оқушыдан зейінді шоғырландыруды, аналитикалық және

            синтетикалық әрекетті, салыстыру, сәйкестендіру, қарсы қойып
            салыстыру операциясын орындауды, көру-қимыл үйлесімділігін,

            өзін-өзі бақылауды талап етеді.
                Оқушылар жұмыс дәптерінде ұсынылған барлық жаттығуларды

            орындауға міндетті емес. Мұғалім оқушының мүмкіндігін бақылай
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            отырып,  оқушыға  қолжетімді  тапсырманы  таңдауға  тиісті.

            Тапсырманы оқушы үшін орындауға болмайды.
                Жұмыс  дәптері  қосымшада  берілген  қима  материалдар
            пайдаланылатын жаттығуларды қарастырады. Оқушы материалды

            өзі қиып ала алмаған жағдайда, мұғалім қосымшадағы материалды
            алдын ала өзі дайындап қояды.

                                                                                                        3




 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10