Page 104 - 5.5.1
P. 104

special-edu.kz.











                                                                                                 special-edu.kz.
                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                 Өсімдіктерді  жою  экологиялық  мәселе  болып  табы-
             лады, себебі бұл жануарлардың жоғалуына, даланы құм
             басуына,  батпақтардың  пайда  болуына  әкеліп  соқтыра-
             ды.  Сондықтан  табиғат  пен  өсімдіктерді  қорғаудың  өте
             маңызды екенін ұмытпау керек.

                        Сұрақтар мен тапсырмалар:
                        Әлия  мен  Ғалия  орманға  серуенге  шықты.  Олар
             орманда  ойнады,  көбелектер  мен  шегірткелердің  ұшуын
             бақылады, құстардың әнін тыңдады. Бүлдірген жеді, гүл
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             теріп, үйлеріне қайтты. Әлияның қолында үлкен гүлшоғы,
             ал  Ғалияның  қолында  жалғыз  тал  гүлі  бар.  Ғалия  әдемі
             гүлдерді көп жұлуға қимады. Саған қай қыздың қылығы
             ұнады? Неге?
                 Өлеңді  мәнерлеп  оқы.  Өлеңде  қандай  мақал  берілген?  Өз  сө-
             зіңмен түсіндіріп айт.
                 О, адамзат, аман жүргің келсе егер,
                 Қарап тұрма, несібең ғой қара жер.
                 Табиғаттың тазалығын сақтағын,
                 Адамзаттық борышыңды ақтағын.
                 Тал отырғыз, көгалдандыр еліңді,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Үлес қосып, нәр берсейші жеріңе.
                 «Мал қалғанша, тал қалсыншы» деген ғой,
                 Соны түсін, аманат бұл атадан.
                                                          (Р. Ақайдын)
                 Өсімдіктің адамға қандай пайдасы бар?
                 Өсімдік неге өліп қалуы мүмкін?
                 Адамдар өсімдікке қандай зиян тигізеді?
                 Орман өрттері неден туындайды?
                 Адамдар ағашты қалай пайдаланады?
                 Өсімдіктерге неге қамқор болу керек?



             102
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109