Page 39 - 5.5.1
P. 39
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ТАБИҒАТ special-edu.kz.
ТІРІ ТАБИҒАТТАҒЫ ҮДЕРІСТЕР
Жабайы өсімдіктер
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқы.
Барлық өсімдіктер жабайы және мәдени өсімдіктер
болып бөлінеді. Адамның қолымен өсірілетін өсімдіктер
мәдени өсімдіктер деп аталады. Мәдени өсімдіктерге адам-
ның көмегі қажет. Адамдар өсімдіктердің пайдасын ерте-
ден-ақ біліп, оларды қолдан өсірудің нәтижесінде біртін-
деп мәдени өсімдіктер шыққан. Жер бетінде өсімдіктердің
өспейтін жері жоқ. Оның көпшілігі табиғаттта өздігінен
өніп-өседі. Мұндай өсімдіктер жабайы өсімдіктер деп ата-
лады. Олар ормандарда, далалы жерлерде, шабындықтар-
да, көлдерде, өзендерде, теңіздер мен мұхиттарда өседі.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Тіпті жартастар мен сусымалы құмдарда да кездеседі.
Табиғат жабайы өсімдіктерге бай. Олардың айнала-
дағы табиғатты сәндендіруімен бірге адамдарға тигізер
пайдасы да өте көп. Табиғатта жабайы өсімдіктердің сан
алуан түрлері бар, оларға шөптесін өсімдіктер, бұталар
мен ағаштар да жатады. Мысалы, жоңышқа, бақбақ, жу-
сан, қалақай, сүттіген, кекіре, жолжелкен және т.б. жа-
байы шөптесін өсімдіктерге жатады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Итмұрын, арша және басқа бұталар жабайы өсетін
бұталарға жатады.
37
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.