Page 5 - 5.5.1
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қымбатты дос! special-edu.kz.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Біз саған сені қоршаған әлеммен таныстыратын «Ай-
наладағы әлем» оқулығын ұсынып отырғанымызға өте
қуаныштымыз. Сен әртүрлі жыл мезгілдеріндегі ауа
райы өзгерістерімен танысуды жалғастырасың. Қыс-та
неге суық, ал жазда неге ыстық екенін білесің. Сен күн
мен түннің ұзақтығын салыстыруға, дүниенің сан алуан
құбылыстарын анықтауға үйренесің. Алған біліміңнің
көмегімен ағаштардың, бұталардың және шөптесін
өсімдіктердің ортақ және жеке белгілерін анықтай ала-
сың, бөлме өсімдіктерін өсіру үдерісімен танысасың.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
«Айналадағы әлем» пәнін оқи отырып, біздің еліміздің
өнеркәсібі, мал шаруашылығы және өсімдік шаруа-
шылығы туралы көптеген пайдалы білім аласың. Сен
Қазақстан картасы бойымен саяхаттай отырып, біздің
еліміздің қай жерінде көмір, мұнай және басқа да пай-
далы қазбалар өндірілетінін білесің. Дастарқандағы
нанның қалай келетінін, бидайдың қайда өсетінін, ұн
мен нанды неден жасайтынын білетін боласың және осы
үшін тер төккен адамдардың еңбегімен танысасың.
Сен өздігіңнен қызықты тапсырмаларды орындай-
сың, табиғатқа экскурсияға шығасың, өз өлкеңдегі
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
өсімдіктердің, жануарлардың және құстардың өмірін
бақылайтын боласың.
Сабақта ынталы, табанды бол, бұл білім саған бола-
шақта керек болады! Жаңа білімді меңгеруде табысқа
жетуіңе тілектеспіз!
3
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.