Page 93 - 5.5.1
P. 93
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Үйге газ қалай келеді? special-edu.kz.
Оқы.
Егер сенің үйіңде газ пли-
тасы болса, плитада көгілдір жа-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
лынды от жанып тұратынын бай-
қаған боларсың. Табиғи газдың
жалыны көгілдір түсті болады.
Газ терең жер астында болады,
оны алу оңай емес. Алдымен гео-
логтар (жер қойнауын зерделей-
тін адамдар) газ бар жерді анықтайды. Содан кейін жұ-
мысшылар газ қабатына жету үшін жерді бұрғылайды.
Газ ұңғыма арқылы жер бетіне қарай қатты күшпен
атылады. Бұл кезде ол газды балшықтан, құмнан және
судан тазартатын арнайы құрылғыға келіп түседі. Содан
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
кейін газды сұйылтып, газ құбырлары бойымен үйлерге
жібереді. Газ құбыры жоқ үйлерге қызыл баллондарда-
ғы сұйылтылған газды әкеліп береді. Шұраны ашқан-
да, сұйылтылған газ түтік бойымен плитаға жетеді. Біз
шырпыны жақындатқанда, газ жанады.
Үйдегі газды пайдалану ережелерін есте сақта!
• Плитаны пайдаланар алдында бөлмені желдету керек
және газ плитасының от жанатын мойнының алдындағы
барлық бұрандалардың жабық екеніне көз жеткізу керек.
Енді плитаның бұрауышын бұрап ашуға болады.
• Жағылған шырпыны газ плитасының от жанатын
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
мойнына әкелгеннен кейін бұрауышты бұрап ашу керек.
Газ от жанатын мойынның барлық тесіктерінен жанып
тұруы тиіс.
• Су немесе көже қайнағаннан кейін газ жалынын
ақырындату керек. Егер отты үлкен күйінде қалдырса,
біріншіден, газ босқа шығындалады, екіншіден, тамақ
күйіп кетеді.
• Тамақты жылытып болғаннан кейін плитадағы газ
бұрауышын жабу керек.
91
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.