Page 102 - Казак тили 6 сынып каз
P. 102
special.edu.kz.
special.edu.kz.
3. Берілген сөйлемдерден салыстырмалы шырайды тауып кө- special.edu.kz.
шіріп жаз.
1. Әжемнің ұйытқан айраны ашқылтым екен. 2. Алыстан
үлкенірек ауыл көрінді. 3. Көгілдір аспанның бетін қою бұлт
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қаптады. 4. Майра қоңырқай көйлек киіп шықты. 5. Кірген
үйдің төбесі биіктеу болды. 6. Далада қызғылт гүлдер кілем-
дей құлпырып тұр. 7. Спорт дүкенінен кішірек доп сатып ал-
дым.
4. Мәтінді түсініп оқы. Сын есімдерді тап, астын сыз.
Нартайдың жайлауда көрген қызықтары көп болды. Со-
лардың бірі – күрес. Балуан күрес.
Атасы елге құрметті адам ғой. Оның жайлауда жүргенін
естіген жұрт жиі тойға шақырады. Бұл жолы Нартай атасы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
екеуі тілашар тойға барды. Ол күресті сонда көрді. Той ие-
лері басқалар сияқты көкпар да, бәйге де бермей, осы күрес
түрін ұйымдастырыпты. Бас бәйге – арғымақ ат!
Күреске шыққан екі балуанның бірі жастау, екіншісі егде-
леу екен. Кенет бір кезде қазылық жасап жүрген кісі қол
көтеріп, айқасты тоқтатты. Екі балуанның білегінен ұстап,
көпшілікке қарады.
– О, ағайын! Бұл екі балуан да үлкен күш иелері. Біре-
уі ауылымыздың көптен бергі мақтанышы болса, екіншісі –
жаңа көзге түсіп келе жатқан жас қайрат. Үлкен жығыл-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
са – сүйек жасиды, кіші жығылса – сағы сынады. Сондықтан
да, бүгін екеуі де жеңімпаз. Менің жасаған қазылығым осы.
Келісесіздер ме? Күрес те ата-бабамыздың салт-дәстүрінің
бірі ғой. Енді сол әдеп-ғұрпымыз бойынша, әдептен озбай,
екеуін де тең деп санайық, – деді қос балуанның қолдарын
көтеріп.
– Әй, бәрекелді! Қазылық деген осы! – деп дауыстады үл-
кендер жағы.
– Әділетті шешім! – деп қолдады ақсақалдар.
100
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.