Page 124 - Казак тили 6 сынып каз
P. 124

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                     8. Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есімдіктерін қойып көшіріп             special.edu.kz.
             жаз.
                     Ертегіні жалғастыр.

                 Керекті сөздер: мен, ол, сен.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                          Менің саяхатым                                         special.edu.kz.


                 ... бүгін сынып болып мұражайға бардық. Онда сандықтар
             көп екен. ... біреуін ашып қалып едім, ... сиқырлы екен. Қат-
             ты қозғалып, мені ішіне қарай тартып алды. Сөйтіп  ... ғажа-
             йыптар еліне еніп кеттім. Бірақ мұны қасымдағы достарым
             байқамай да қалды. ... таңғажайып әлемнің қызығына көзім
             тоймай аралап келе жатып ханшайымға кездестім. ... мы-
             сығын жоғалтып іздеп келе жатыр екен.
                 – ... мысығымды көрмедің бе? – деп сұрағанда, «жоқ» де-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ген жауапты айта алмадым да:
                 – Мысығың пырақтар елінде, – дедім.
                 – Жүр, пырақтар еліне екеуміз бірге барайық, – деді хан-

             шайым.
                                                       («Ертегілер елінде» журналынан.)


                         9. Сөйлемдерді оқы. Есімдіктердің орнына кісі атын қойып
                      сөйлемдерді өзгерт.


                 1. Ол үй жұмысын оқып болып анасына көмектесті. 2. Мен
             досыммен бірге демалыс лагеріне келдім. 3. Сен түстен ке-
             йін балық аулауға барасың ба? 4. Сіз қайдан келдіңіз? 5. Біз
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             серуенге  шықтық.  6.  Олар  мәдениет  үйінде  ән шырқады.
             7. Ол шаңғы жарысынан жүлделі орынға ие болды. 8. Мен
             өз туған жерімнің көрінісін бейнеледім.


                     10. Есімдіктерді оқы. Жіктеу есімдіктерді теріп жаз.

                 Әркім, біз, бұлар, барлық, мен, әрқашан, сіз, қанша, ол,
             қайда, сен, мынау, сендер, ешқандай, сіздер, олар.




             122
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129