Page 133 - Казак тили 6 сынып каз
P. 133

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                6. Пысықтауышты тауып, сұрақ қой.                                                special.edu.kz.

            Жадыраған жаздың алғашқы күндерінің бірі болатын.
            Бақшада жұмыс істеп жүріп, шөптің арасынан сүп-сүй-
        кімді, кішкентай ғана тарғыл мысықтың баласын тауып
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        алдым. Ойда-жоқта енесінен  адасып қалса керек. Маған
        мүшкіл халін сездіріп, мұң шаққандай үсті-үстіне мияулап,
        жалынышты кейіппен жәудірей қарады.

            Панасыз қалған мысықтың баласын үйге әкеліп, ыдысқа
        жылы сүт құйып бердім. Құныға ішіп алды. Тойған соң, жүгіріп
        ойнап, менің соңымнан қалмай қойды. Оның енесін төңірек-
        тен іздеп таппай қойдым. Бала мысықтың енесінің жоқ екенін
        білген соң, мен оған қамқор болайын деп ойладым.


                7. Оқы. Мәтіннен толықтауыштарды тауып, көшіріп жаз.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт тарабын түгел
        кезді. Толқындар жабуды бүлк-бүлк көтеріп, суға батырмай-
        ды. Аң да, құс та, адам да толқындардың үстінде қобызын
        аңыратқан Қорқыттың күйін тыңдайды. Қорқыт әндерінің
        бірін өзін қоршаған әсем құстарға арнайды. Өте әдемі осы
        күй сазын халық «Аққу» деп атап кеткен.


                 Қорқыт ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл,
                 жырау, қобызшы


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 8. Мақал-мәтелдердегі бос орындарды толықтауышпен то-
        лықтыру керек.

            1. Қорқақ ... де қорқады.
            2. ... шыққан сөз,
            ... болсын кез.
            3. Өтірік сөз ... баспас.
            4. Жақсы сөз ... рақат,
            5. Жаман сөз ... жарақат.
            Керек сөздер: көлеңкесінен,  білімдіден, талаптыға, өрге,
        жанға                                                                      131

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138