Page 40 - Казак тили 6 сынып каз
P. 40
special.edu.kz.
special.edu.kz.
МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН special.edu.kz.
Ц дыбысы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ц – қатаң дауыссыз дыбыс. Ц әрпі орыс тілінен енген
сөздерде жазылады. Мысалы: цирк, концерт, станция.
1. Өлеңді түсініп оқы.
Қазақстан
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған аза күн.
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
special.edu.kz. Туған жерім, байтақ мекенім, special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сенен ұқтым кеңдіктің не екенін.
Қазақстан деген атты ардақтап,
Мәңгі-бақи басымды иіп өтемін.
(«Айгөлек» журналынан.)
2. Мәтінді түсініп оқы.
Мен патриотпын
Менің Отаным – Қазақстан. Мен өз Отанымды сүйемін.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Менің елім – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз мемлекетте өмір
сүретінімді әрқашан мақтан етемін. Болашақта өз Отаным –
Қазақстан үшін еңбек етемін. Еліме өз үлесімді қосамын.
Мен – елімнің патриотымын.
(«Ертегілер әлемінде» журналынан.)
патриот – өз Отанын адал сүйетін адам
38
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.