Page 55 - Казак тили 6 сынып каз
P. 55

special.edu.kz.





                 4. Мәтінді түсініп оқы.   special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                          Қазақстан – көпұлтты мемлекет

            Біздің елімізде әртүрлі ұлттар мен ұлыстар мекен етеді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        Орал қаласында «Достық үйі» бар. Достық үйінде кітапха-
        на, мәжіліс залы, этномәдени бөлмелері бар. Қазақстанда
        жүз отыздан астам, ал Оралда жиырмадан астам ұлт өкіл-
        дері қоныстанған. Ұлттық дәстүрлі мерекелерде түрлі мәде-
        ни шаралар өтеді. Менде ол шараларды ата-анаммен барып

        тамашалап көрдім. Әр ұлттың өнерлері маған қатты ұнады.
        Біздің елімізде ұлтаралық достық, татулық, бірліктің бар
        екеніне қуанамын.
                                                  («Ертегілер елінде» журналынан.)

                Мәтін не туралы? Қазақстан қандай мемлекет?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                Дыбыс үндестігі деген не?
                 Мәтіннен дыбыс үндестігіне сай жазылған сөздерді тауып,
        көшіріп жаз. Себебін түсіндір.



                 5. Мәтінді оқы. Көшіріп жаз.

                                      Менің Отаным

            Біздің еліміздің табиғаты көз тартарлықтай көркем.
        Аспаны ашық, таулары биік, тау шыңында мәңгі қар, жай-
        қалған ну орманы, алуан түрлі гүлдері, теңіздей толқыған
        шөптері, гүлден-гүлге қонып жүрген әдемі  көбелектері
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        бәрі-бәрі әдемі.
            Мен өскенде Отаныма адал қызмет етемін. Біз елімізді,
        жерімізді қорғауымыз керек. Мен өз елімнің патриотымын.
        Еліміздің тыныштығын қалаймын және  бейбітшілік болға-
        нын тілеймін.

                Қарамен жазылған сөздерді буындарға бөліп көшір.
                Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тиісті бел-
        гілермен белгіле.                                                            53



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60