Page 86 - Казак тили 6 сынып каз
P. 86

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                       Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар                                        special.edu.kz.




                    Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар екі топқа бөлі-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                неді:

                    1) Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар.
                    2) Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар.
                    1) -м, -ім, -ым: байлам, күзем, қысым, түсім; 2) -ма,
                -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бұрма, көрме, қазба, сүзбе, бас-
                па, кеспе; 3) -қы, -кі, -ғы,-гі: шапқы, тепкі, бұрғы, сүзгі;
                4) -с,-ыс, -іс: талас, айтыс, жүріс; 5) -қ, -к, -ық, -ік, -ақ,
                -ек: тарақ, күрек, қызық, түкірік; 6) -ыш, -іш: қуаныш,
                таяныш, өкініш, сүйініш; 7) -у: сабау, жамау, көсеу, егеу;
                8) -ын, -ін, -н: боран, жуын, түйін; 9) -ынды, -інді: шай-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                ынды, үйінді, үгінді.
                    Туынды зат есімдерден жұрнақ арқылы жаңа (туын-
                ды) зат  есімдер  жасала береді.  Мысалы:  басшы, бас-

                шылық т.б.





                     1. Асты сызылған сөздерді көшіріп жаз.
                 1. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. (М.) 2. Оқушы лар

             қала орталығындағы көрмені аралады. 3. Марат бұрғымен
             жарды  бұрғылады.  4.  Халық  айтыс  өнерін  тамашалады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             5. Сенбілікте балалар күрекпен жерді қазып, ағаш отырғыз-
             ды. 6. Асхат  – ата-анасының  қуанышы. 7. Әжем  көсеумен
             отты қозғады. 8. Далада боран соғып тұр. 9. Ақын өлең жол-
             дарынан үзінді келтірді.

                     Сөйлемдерді көшіріп жаз. Асты сызылған сөздердің жұрнақта-
             рын ажырат.
                     Сөйлемдерді көшіріп жаз. Асты сызылған сөздердің жұрнақта-
             рын ажырат, түбір мен жұрнақты белгіле.



             84
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91