Page 5 - Математика_6_сынып
P. 5

special.edu.kz.
 special.edu.kz.







                                    Қымбатты дос!                                                special.edu.kz.

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Алдыңғы оқу жылында сен 1 000 көлеміндегі сандармен
        таныстың, оларға арифметикалық төрт амалды қолдануды
        үйрендің. Амалдарды әртүрлі тәсілдермен орындауды:
        ауызша есептеуді, мысалдарды бағанға жазуды және
        калькуляторда орындауды үйрендің. Дұрыс есептей
        білудің саған дүкенде алған заттарыңа ақшасын төлегенде,
        шеберханаларда есептескенде көмегі тиеді.
            Алтыншы сыныпта 10 000 көлеміндегі сандарды алу, жазу,
        салыстыруды  үйренесің.  Бұрынғыдай  әртүрлі  тәсілдерді

        қолданып, өзіңнің есептеу біліктілігіңді жетілдіресің.
            Оқулықта  сен  үшін  бүтін  сандарға  ғана  емес,  сонымен
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        қатар бөлшектерге де тапсырмалар дайындалды. Сен
        жай бөлшектерді оқуды жалғастырып, оларға әртүрлі
        арифметикалық амалдар қолданасың, түрлі түрлендірулер
        жасайсың.
            6-сыныпта сен ондық бөлшектермен танысасың.
        Олардың бөлімін көрсетіп (бөлімімен) және бөлімінсіз
        жазуды үйренесің, оларды салыстырасың, түрлендіресің,
        оларға амалдар қолданасың.
            Геометрия сабақтарында геометриялық фигуралардың

        периметрін табуды үйренесің, масштабпен танысасың.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        Масштаб жайлы білімнің саған план мен географиялық
        карталарды дұрыс қолдануға тигізетін көмегі зор.
            Математика сабағында сен ойлау қабілетіңді дамытасың,
        еңбектенуді және жетістікке жетуді үйренесің. Математика
        саған қызықты болады деп үміттенеміз.
            Сәттілік тілейміз!

                                                                           Авторлар






 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                            3          special.edu.kz.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10