Page 149 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 149
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Көлеңке special.edu.kz.
Шыжыған ыстық. Қолдарында заттары бар, терлеп-
тепшіген үш адам автобус аялдамасына келді. Бірі – Бол-
жан атты кішкене бала, екіншісі – соның анасы, үшіншісі –
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
әжесі.
Көп күттірмей автобус та келе қалды. Жолаушылар ішке
кірді. Оң жақтағы орындарға Күн сәулесі түсіп тұр. Басқа
жолаушылар сияқты Болжан да сол күн жақтағы орындар-
дың біріне отырды. Әжесі мен анасы көлеңке бетке жайға-
сыпты.
– Әже! Апа! Мұнда келіңіздер! Автобус қазір солға бұры-
лады. Осы жаққа үйге жеткенше күн түспейді, – деді Болжан.
– Онда біз де көшіп отырайық, – деді әжесі.
Сөйтіп, екеуі Болжан отырған жаққа жайғасты. Автобус
жүріп кетті. Қаладан шыққан соң солға қарай бұрылды. Енді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
көлеңке Болжандар отырған жаққа түсті.
Автобус жарты жолға жеткенде:
– Ақылыңнан айналайын! Көлеңкеде отырғанымыз сенің
арқаң ғой, – деді әжесі Болжанға риза болып.
(М. Гумеров)
1. Әңгімеде күн қандай?
2. Автобус аялдамасына кімдер келді?
3. Жолаушылар не істеді?
4. Автобуста Күн қай жаққа түсіп тұрды?
5. Болжан көліктің қай жерінде отырды? Әжесі мен анасы ше?
6. Оларға Болжан не деді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
7. Өзінің ұсынысын қалай түсіндірді?
8. Әжесі мен анасы қай жерге ауысып отырды?
9. Әжесі Болжанға неге риза болды?
Әңгімені түсініп оқы.
Болжанға әжесінің неге риза болғанын әңгімеле.
Әжесі мен Болжанның сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
Болжанға мінездеме бер.
Ыстық күнде аялдамаға келген кісілер жайлы оқы.
Әңгіме кейіпкерлерін ата. 147
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.