Page 155 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 155
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Табиғат тамашалары special.edu.kz.
Қарамұрат көп жылдан бері орман күзетшісі болып істей-
ді. Ол күнде атына мініп, өзіне қарасты бөлікті қарайды. Ол
өз бөлігінде өсетін әр ағашты біледі.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әкесінің күні бойы орман аралайтынына Арман қатты қы-
зығады. Бір күні Арман әкесіне:
– Әке, орманға мені де ерте кетіңізші, – деді.
– Балам, мен ұзақ жүремін. Шаршайсың, – деді әкесі.
– Шаршамаймын, шыдаймын, – деді Арман өтініп.
– Жарайды, ендеше, жинал! – деді әкесі.
Әкесі мен Арман екі атқа отырып орманға келді. Арман
жан-жағына қарап қызықтап келеді. Бір кезде олар бір тө-
бешікке келді. Төбешікте құмырсқалар қаптап жүр.
– Әке, мынау не төбешік? – деп сұрады Арман.
– Бұл – құмырсқаның илеуі.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– «Илеу» деген не?
– Илеу – құмырсқаның үйі деген сөз.
– Осыншама көп құмырсқа бір үйде тұра ма? Олар тату ма?
– Тату болмаса бір үйде тұрмас еді ғой. Адамдар ғана
емес, табиғатта аралар да, балықтар да, құстар да бірігіп
тату тұрады. Табиғат тамашалары деген осы! – деді әкесі.
Арман табиғат тамашаларын көріп қайтқанына қуанды.
(М. Төрежановтан.)
1. Орман күзетшісі немен айналысады?
2. Арман әкесіне қандай өтініш айтты?
3. Әкесі не деп жауап берді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4. Екеуі қайда келді? Арман нені көрді?
5. Әкесінен Арман не туралы сұрады?
6. Илеу туралы әкесі не айтты?
7. Арман не үшін қуанды?
Орманға келген әкесі мен Арманның сөздерін кезектесіп
оқы. Арманның нені қызықтағанын әңгімелеп айт.
Бір күні Арман әкесіне не дегенін тауып оқы. Әкесі екеуінің сөз-
дерін айтып бер.
Күзетші Қарамұрат туралы оқы. Ол орманда не істейтінін айтып
бер. «Табиғат тамашалары» деген не? 153
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.