Page 5 - 6.4
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
АЛҒЫ СӨЗ special-edu.kz.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Жұмыс дәптері 1-сыныпқа арналған математика оқулығына
қосымша болып табылады. Ол балалардың жеке жұмыс істеуіне
арналған.
Жұмыс дәптеріндегі жаттығулар білім алушыларда қарапайым
математикалық түсініктерді, сандар мен цифрлар туралы,
арифметикалық амалдар қосу және азайту туралы ұғымдарды
қа лыптастыруға бағытталған.
Білім алушы жұмыс дәптеріндегі жаттығуларды орындай отырып
қағаз бетінде бағдарлауға, таныс заттардың иллюстрациялық
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
және кескіндік бейнелерін тануға, қарындашты пайдалана отырып
(нүктелер бойымен, үзік сызықтар бойымен бастырып сызуға,
қор шап сызуға, суретті айналдырып сызуға, суретті аяқтауға,
бояуға және т.б.), графикалық жұмыстарды орындауға, 5 саны
көлемін де цифрларды жазуға, санауға, мысалдарды құрауға,
жазуға және шешуге үйренеді.
Білім алушы дәптердің басқа парақтарына алаңдамауы үшін,
оған жұмыс дәптерінің белгіленген жерінен ұқыптылықпен кесе
отырып, жұмыс дәптерінің бір парағын ғана береді. Бірінші
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
сыныпта оқыту кезеңі аяқталған кездегі жетістіктерді талдау үшін
оның барлық жұмысын бір хатқалтаға (портфолио) жинап қою
керек.
Жұмыс дәптерінде баладан қарау, сәйкестікті табу, нобайы
бойы мен жүргізу, нобайдың ішін штрихтау, суретті аяқтау және т.б.
сияқты белсенді қимылдарды талап ететін жаттығулар ұсынылады.
Бұл әре кеттер білім алушыдан зейінді шоғырландыруды,
аналитикалық-синтетикалық әрекетті, салыстыру операциясын
орындауды, көру қимылдық үйлесімділікті, өзін-өзі бақылауды
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
талап етеді.
Білім алушылар жұмыс дәптерінде ұсынылған барлық
тапсырмаларды орындауға міндетті емес. Мұғалім баланың
мүмкіндігін бағдарлай отырып, білім алушы үшін қолжетімді
тапсырмаларды таңдауға тиісті. Тапсырмаларды білім алушы үшін
орындауға бол майды.
3
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.