Page 103 - Жаратылыс тану_6_сынып++
P. 103
special.edu.kz.
Тұжырымдама жаса. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мыс – түсі қызғылт сары, жұмсақ, созылымды металл,
ол майысады, сым жасау үшін жақсы созылады. Мыс
басқа металдарға қарағанда (күмістен басқа) электр тогын
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жақсы өткізеді, магнитке тартылмайды.
Мыстан электр сымдарын, электрқозғалтқыштар мен
электр тогын өндіретін мәшинелерге арналған арнайы сым
жасайды.
Алюминий – жеңіл, жұмсақ, тоттанбайтын, күміс түс-
тес ақ металл. Алюминийдің иілгіштік қасиеті жоғары, оңай
фольга болып жайылады және сым түрінде созылады. Алю-
минийдің электрөткізгіштігі, жылуөткізгіштігі жоғары және
магнитке тартылмайды.
Алюминий авиацияда және мәшине жасау өнеркәсібінде
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қолданылады, одан астық қоймасын салады.
Алюминий ұнтағын күміс бояу дайындау үшін пайдаланады.
Алюминийден электр сымдарын, ыдыс жасайды
Алюминий мен мыс – түсті металдар. Оларды соғуға*,
қалыптауға, сығуға, пісіруге, кесуге болады. Барлық түсті
металдардың беткі жағында қабық құралады. Бұл қабық ме-
талды бүлінуден сақтайды. Қалайы, күміс, қорғасын және
тағы да басқа көптеген металдар түсті металға жатады.
Құрамында темір болмайтын барлық металдар түсті ме-
талдар деп аталады. Оларды мәшине жасау, радиоэлек-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
троника, тұрмыстық коммуникация құралдарын жасау өн-
дірісінде қолданады.
Түсті металдарды ата.
Түсті металдар қайда қолданылады?
Түсті металдардың қандай қасиеттері болады?
Дәптердегі № 92-тапсырманы орында. 39-б.
special.edu.kz. special.edu.kz. 101 special.edu.kz.