Page 115 - Казак тили 6 класс ЯЗ2
P. 115
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Тіл дамыту мәтіндері special.edu.kz.
1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып бер.
Құстың ұясы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Балалар ойнап жүріп ағаштың ішінен бір құстың ұясын
көрді. Ұяның ішінде екі балапан отыр екен. Балалар оларды
үйге алып келді. Әкесі балаларға:
– Балапандарды ұядан неге алдыңдар? Балапандар ана-
ларынсыз тұра алмайды, өліп қалады ғой, – деді. Балалар
балапандарды қайтадан ұясына апарып салды.
(О. Шораяқ)
1) Балалар ұядан нені көрді?
2) Балалар ұядағы балапандарды не істеді?
3) Балалардың мұнысы дұрыс па? Өз ойыңды айт.
special.edu.kz.
special.edu.kz. Асыл шөп special.edu.kz.
2. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып бер.
Зылиха мен Бәтима екі жәшік жеміс көтеріп қалаға келе
жатады. Зылиха шаршадым деп мұңайып келеді. Бәтима
күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Зылиха:
– Сен неге мәз болып қуанып келесің? Көтергенің жәшік!
Өзің менен аз шаршаған жоқсың! – дейді.
– Мен жәшіктің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп сал-
дым, – дейді Бәтима.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Ол шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін, –
дейді Зылиха.
– Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Шөптің
аты – сабыр, – дейді Бәтима.
1) Бәтима мен Зылиха туралы не айтасың? (Ы. Алтынсарин)
2) Мәтін атын қалай түсінесің? Айтып бер.
special.edu.kz. special.edu.kz. 113 special.edu.kz.