Page 43 - Казак тили 6 класс ЯЗ2
P. 43
special.edu.kz.
special.edu.kz.
3. Кісі аттары мен жер-су аттарының қалай жазылғанына назар special.edu.kz.
аудар.
Мұғаліміңнің көмегімен Қазақстан картасынан өз облысыңды
тап. Өз қалаң немесе ауылың туралы 3-4 сөйлем жаз.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Үлгі: Менің туып-өскен жерім – Қарауыл ауылы. Қарауыл
Абай ауданының орталығы. Семей қаласы мен Қарауылдың
арақашықтығы 200 шақырымдай, Қарауыл ауылында тари-
хи-өлкетану мұражайы бар.
4. Мәтінді оқы. Мәтіннің бірінші бөліміндегі жалқы есімдерді
теріп жаз.
Орталық Қазақстанда ағаштың бірнеше түрі бар. Қарқа-
ралы, Баянауыл, Көкшетау, Ереймен тауларында әдемі ақ
қайыңдар, боз талдар өседі.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сарыарқа – Шоқанның туып-өскен алтын бесігі. Ыбырай
Алтынсариннің қазақ жастарына арнап мектеп ашып, білімге
жетелеген өлкесі. Бұл – Ақан серінің, Жаяу Мұсаның, Май-
раның алуан түрлі әндері тараған өлке.
(Н. Баяндин)
Жалқы есімдердің астын бір сызықпен, жалпы есімдердің астын
екі сызықпен сыз.
Ауыспалы мағынадағы сөздерді тап. Мағынасын түсіндір.
5. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақшаға аудар.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Біздің (народ) бақытты. 2. Сенің (голос) естілмейді.
3. Менің (время) болмады. 4. Мемлекеттің (богатство) шашпа.
5. Ол (губы) жыбырлатты. 6. Ол (школа) жұмыс істейді. 7. Мен
(выставка) бардым. 8. Кітапханада өте қызық (книга) алдым.
Жақша ішіндегі сөздерге жалғау жалғап, сөйлемдерді көшіріп
жаз.
special.edu.kz. special.edu.kz. 41 special.edu.kz.