Page 28 - Қазақ тілі 7 жұмыс дәптері
P. 28
Дара және күрделі сын есімдер
1-тапсырма. Дара сын есімдерді бір бөлек, күрделі сын есімдерді бір бөлек жаз.
Ақ, көк, қара, өткір көзді, ақшыл, сары, күрең, биік-биік, ауыр,
алыс – жақын, үлкен, жақсы – жаман, ап-ащы, тар, сары ала.
А. Дара сын есімдер:
_____________________________________________________________

Ә. Күрделі сын есімдер:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
1. Дара сын есімдер дегеніміз не?
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
2. Күрделі сын есімдер дегеніміз не?
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
2-тапсырма. Мәтінді оқып, көшіріп жаз. «Қара шаңырақ» деген сөздің
мағынасын ұғынып ал.
– Балам, қазақта «қара шаңырақ» деген өте ертеден келе жатқан
қасиетті сөз бар. Оның негізі әкеден балаға, ұрпақтан-ұрпаққа қалып
отырған шаңырақтан талай түтін шыға-шыға әбден ысталып, көпті
көрген деген ұғымнан шықса керек. Мына өзіміз отырған пәтер –
Ержанға қалатын Момышұлының қара шаңырағы, – деп, сәл үндемей
қалды.
(З. Ахметова)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
3-тапсырма. Мақал-мәтелді есіңде сақта!
Атадан бала туса игі,
Ата жолын қуса игі.
27