Page 4 - Қазақ тілі 7 жұмыс дәптері
P. 4

Жас дос!


                    «Жұмыс дәптері» сенің сабақта алған біліміңнің арнасын
                одан  әрі  кеңейту  мақсатында  ұсынылып  отыр.  Жұмыс
                дәптеріндегі  тапсырмалар,  анықтамаларды  еске  түсіру,
                кестелерді толтыру, суреттермен жұмыстану сенен мұқият,

                тиянақты білімді қажет етеді.
                    «Жұмыс  дәптерімен»  үзіліссіз,  үнемі  жұмыс  істегенде
                ғана «Қазақ тілінен» жақсы білім алуға болады. Ал жақсы
                білім алу – бүгінгі өмір талабы.

                    «Жұмыс  дәптерінің»  басты  мақсаты  –  сені  өздігіңнен
                еңбектене  отырып,  өз  ойыңды  тұжырымдап,  қорытынды
                жасай білуге үйрету.
                    Дәптермен  жұмыс  жүргізу  барысында  білімдеріңнің  то-

                лыса түсері сөзсіз:
                        – әртүрлі  суреттерді,  кестелерді  толтыру  арқылы  оқу-
                        лықтан алған біліміңді толықтырасың;
                        – әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, көп нүктенің орнына

                        жауап  жазу,  кестені  толтыру  білім  деңгейлеріңді
                        көтеріп, белгілі бір қорытынды жасауға үйретеді;
                        – тапсырмалардың деңгейі әртүрлі болғандықтан, «Жұ-
                        мыс  дәптерімен»  мұғалімнің  бағыт-бағдары  бойынша

                        жұмыс жасайсың;
                        – берілген  тапсырмаларды  орындау  барысында  ойлау
                        қабілетің дамып, қазақ тілі пәніне деген қызығушылы-
                        ғың арта түседі.

                    Саған ізденіс жолында сәттілік тілейміз!

















                                                                                                         3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9