Page 147 - 7.5.1
P. 147
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Нарғызгүлдер бірнеше жыл special-edu.kz.
тіршілік етеді, алайда ашық то-
пырақта қыстамайды. Бірінші
аязда-ақ оның жерүсті бөлігі өліп
қалады. Осыдан кейін оның са-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бақтарын 15 см қалдырып кеседі.
Тамыртүйнектерін зақымдап ал-
май, ұқыптылықпен қазып алады.
167-сурет. Нарғызгүлдің
Содан кейін оны жақсылап кеп-
тамыртүйнегі
тіріп, жерқоймаға салып қояды.
Сөрелерде сәл ылғалды құмның ішінде сақтайды. Көк-
темде оларды жарық, жылы жайға ауыстырады. Кішкен-
тай бүршіктер шыға бастағанда, тамыртүйнекті бірнеше
бөлікке бөледі. Әрбір бөлікте төрт бүршікке дейін қал-
дырады, кескен жерге ағаш көмірінің үгіндісін себеді.
Көмір өсімдікті аурудан сақтайды. Топырақ жылығанда,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
енді аяз болмайтынына көз жеткенде ғана нарғызгүл-
дерді ашық топыраққа отырғызады. Нарғызгүлді өсір-
генде, үнемі топырақты қопсытып, суғарып, гүлдеп біт-
кен гүлшоғырларын кесіп отыру керек. Бұндай жағдайда
нарғызгүлдер жақсы дамып, көп гүл береді.
Дәстүргүлдер мен нарғызгүлдер – көпжылдық сәндік-гүл-
дік өсімдіктер. Дәстүргүлдің тамыры шашақты, ал нарғызгүлдің
тамыры – тамыртүйнек. Оларды сәндік гүлдер есебінде өсіреді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Дәстүргүл. Нарғызгүл. Тамыртүйнек.
1. Дәстүргүлдің ерекшеліктерін ата.
2. Нарғызгүлдің ерекшеліктерін ата.
3. Адамдар дәстүргүл мен нарғызгүлді не үшін өсіреді?
4. Нарғызгүлдің тамыртүйнегін күз сайын неге қазып
алады?
Жұмыс дәптеріндегі № 160, 161, 162-тапсырмаларды орында.
145
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.