Page 157 - 7.5.1
P. 157
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Оқулықтағы терминдердің special-edu.kz.
қысқаша түсіндірме сөздігі
Ағаш – дің деп аталатын жуан бір сабағы бар өсімдік.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталығының тозаңын
басқа гүлдің аналығына жеткізу.
Аналық – тұқымы бар жеміс құралатын гүл бөлігі.
Асқабақ тұқымдастардың тұқымы – асқабақ тұқымдас
(қарбыз, қауын, асқабақ, қияр) өсімдіктердің жемісі.
Аталық – гүл бөлігі. Аталықта тұқымның құралуына
қажетті тозаңдар жетіледі.
Бактериялар – майда тірі ағзалар. Оларды тек микро-
скоппен үлкейткенде ғана көруге болады.
Бөгде бұтақтар – жиі жағдайда алқа тұқымдастарында
кездесетін бүйір бұтақтар.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Бұталар – тамырынан бір емес, бірнеше ағашты сабақ
өсетін өсімдік. Бұтаның сабақтары ағаш діңінен жіңішке
болады.
Біржылдық өсімдіктер – тұқымнан бір жылда өсіп, сол
жылы жаңа тұқым беретін өсімдіктер.
Гүл – жеміс пен тұқым құралуы үшін қажетті өсімдік
бөлігі.
Гүлсабақ – гүл өсіп шығатын сабақ бөлігі.
Гүлтәжі – жиі жағдайда әртүрлі түстегі күлтелерден
тұратын гүл бөлігі.
Гүлшоғыр – бір өсімдіктегі гүлдер тобы.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Даражарнақты өсімдіктер – тұқымдарында бір тұқым-
жарнағы бар өсімдіктер.
Дәнек – тұқымға жабыса өскен құрғақ жеміс.
Дәрілік өсімдіктер – дәрі алатын өсімдіктер. Олар мәде-
ни өсімдіктер де, жабайы өсетін өсімдіктер де болуы мүм-
кін.
Екіжылдық өсімдіктер – бірінші жылы тұқымнан өсіп
шығып, қорек заттардың қорын құрайтын өсімдіктер.
Олардың тұқымы екінші жылы құралады.
155
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.