Page 160 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 160
special.edu.kz.
special.edu.kz.
МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ special.edu.kz.
Төл сөз бен автор сөзі және
олардың тыныс белгілері
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сөйлеуші адам басқа біреудің сөзін бұлжытпай, сол
қалпын сақтап айтуы мүмкін.
Басқа біреудің өзгертілмей айтылған сөзін төл сөз
дейміз. Сөйлеуші адам төл сөздің кімдікі екенін айқын-
дап, өз сөзін қоса айтады.
Төл сөзді қолданушы адамның өз сөзін автор сөзі
дейміз. «Ғылым таппай мақтанба», – деді Абай. Осы мы-
салдағы Ғылым таппай мақтанба – төл сөз, деді – автор
сөзі.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Төл сөз тырнақшаға алынып, бас әріптен басталып
жазылады.
1. Төл сөз автор сөзінен кейін қолданылса, автор
сөзінен соң қос нүкте қойылады. Мысалы: Сынып же-
текшісі былай деді: «Ата-аналарға арналған жиналыс
ертең болады».
2. Төл сөз автор сөзінен бұрын келсе, төл сөзден
кейін үтір мен сызықша қойылады. Мысалы: «Ата-ана-
ларға арналған жиналыс ертең болады», – деді сынып
жетекшісі.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Сөйлемдерді оқып, олардан төл сөз, автор сөздерін тап.
1. «Бұл домбыраны жасаған мен», – деді ағаш шебері.
2. Дастарқан басында әкем сөйледі: «Ертең жаңа үйдің ірге
тасын қалаймыз». 3. Ауылдан келген әжем: «Өзіңе арнап
құрақ көрпе жасап әкелдім», – деді риза кейіппен. 4. Үй иесі
қонақтарға: «Уақыт бөліп келгендеріңе көп рақмет айта-
мын», – деді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
158