Page 83 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 83
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Нәтиже сабақ special.edu.kz.
1. Түбірлес сөздерді топтап жаз.
Ойыншы, жұмыскер, ойна, балақай, ойыншық, бастық,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
басқар, балақан, басшы, жұмысшы, балалық.
2. Жаңылтпашты жатқа жаз, түбірлес сөздерді тап, сөз құрамы-
на талда.
Шаңғышы
Шалғышы
Шаңғы алды.
Шалғы алды,
3. «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына әңгіме құрастыр.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4. Мәтінді оқы. Күннің батуын бақыла, өз сөзіңмен сипаттап
айтып бер.
Жаздың жайлы кеші. Бойды сергіткен қоңыр салқын леп
дымқыл тұнық ауада біліне бастаған. Зәрі қайтқан қызыл
Күн көңілсізденіп, таудан асып ұясына кіріп барады. Жұқа-
лаң ұзынша көп бұлт қызыл сеңдей болып, батар күнді енте-
леп қамап тұр.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қара көк тұңғиық аспан күнбатысқа тақаған жерінде
қызыл торғындай толқынданады. Кейбір жерінде қызулы
өрттің жалынындай жайнайды. Күннің ақырғы сәулесі түсіп
тұрған – тау бастары. Олар көлеңке басқан қоңыр жердің
алтын шатырындай нұрланып қызғылттанады.
Дөң басы қазіргі уақытта өзгеше көңілді. Кешке жақын
у-шу көбейіп, азан-қазан болған ауылдан шығамыз. Міне,
сонда, биік сары дөңге көтеріліп келе жатқанда, бойың биік-
ке тарта бергендей болады.
(М. Әуезов) 81
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.