Page 5 - математика_8 сынып
P. 5
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. Қымбатты оқушы! special.edu.kz.
Біз биыл да сенімен біргеміз. Сен бестаңбалы санды оқи
аласың және жаза білесің, арифметикалық төрт амалды
орындай білесің. Сен ауызша және баған түрінде есептей
білесің, калькуляторды қолдана аласың. Есептеу біліктілі-
гі саған мектеп шеберханасында жұмыс істегенде көмегін
тигізеді. 8-сыныпта сен сандардың миллиондар класымен
танысасың, алтытаңбалы бүтін сандарды алуды, жазуды,
салыстыруды үйренесің. Бұрынғыдай әртүрлі тәсілдерді
қолданып есептеу дағдыңды жетілдіресің.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқулықта сен үшін жай және ондық бөлшектері бар
қызықты тапсырмалар құрастырылған. Сен бөлшек сан-
дарды көбейтуді және бөлуді үйренесің. Бөлшек сандары
бар есептерді шығарып үйренесің. Ось пен симметрия
центріне қарағанда симметриялы фигураларды салып
үйренесің, жазбасы бойынша текшені немесе паралле-
лограмды құрас тыруды үйренесің.
Математика сабағы саған қызықты болады деп
үміттенеміз. Сен қиындықты жеңуді үйренесің және мате-
матикадан алған білімді еңбек сабағында және өмірде
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қолданатын боласың.
Сәттілік тілейміз!
Авторлар
special.edu.kz. special.edu.kz. 3 special.edu.kz.