Page 101 - Жаратылыстану_8_кл_оқулық+
P. 101
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Құстардың қаңқасында ұшуға байланысты қандай special.edu.kz.
ерекшеліктер бар?
Құстардың сүйегінің ішін ауа
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
кернеген (116-сур.). Бұл құстың
салмағын жеңілдетеді. Бассү-
йек ми сауытынан, ұзарып тұм-
сыққа айналған жақсүйектер-
ден құралады. Құстың тістері
болмайды, яғни бассүйегі же-
ңіл.
Денесінің қаңқасы омыртқа 116-сурет
жотасы мен кеуде қуысынан құрылады. Құстың мойны ұзын,
қозғалмалы. Құс басын кез келген жаққа бұрады және жер-
ге дейін жеткізеді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Кеуде қуысы кеуде омырт қаларынан, қабырғалардан,
төс сүйектен құралады. Ол ішкі мүшелерді қорғайды. Төссү-
йегінде қанаттарды қозғалысқа келтіретін көкірек бұлшы-
қеттері бекіген қыртөсі болады. Ұшпайтын құстарда қыр төс
болмайды. Құстардың бұлшықеттері жақсы дамыған.
Құстардың қаңқасының ұшуға бейімделуі:
1) ауа қуыстары бар сүйегінің жұқа болуы;
2) тістің болмауы бассүйектің салмағын жеңілдетеді;
3) алдыңғы аяқтарының қанатқа айналуы;
4) қанаттарды қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер бе-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
кітілетін қыртөстің пайда болуы;
5) ұшқанда тірек болатын бел омыртқалар, құйрық омырт-
қалары мен жамбас сүйектерінің толық бітісіп кетуі;
6) жіліншіктің құстардың көтеріліп ұшуын жеңілдетіп, қон-
ғанда екпінін бәсеңдетуі.
Құс қаңқасының бөліктерін ата.
Құс сүйектерінің ішін неге ауа кернеген?
Қаңқаның қандай бөліктері құстардың ұшуына бейімделген?
special.edu.kz. special.edu.kz. 99 special.edu.kz.