Page 142 - Жаратылыстану_8_кл_оқулық+
P. 142

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                           Үй қояндары                                           special.edu.kz.



                               Адамдар қояндардың сәндік қолтұқымдарын
                               не үшін өсіреді?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                 Үй қояндарын қалай өсіреді?


                 Үй қояндары жабайы қояндардан шыққан.
                 Олар өсімтал, тез өседі. Аналығы әр жолы жеті-сегіз

             көжек туады. Үй қояндары жылына бірнеше рет көбейеді.
             Сондықтан бір аналық қояннан бір жылда 30 көжек  алуға
             болады.
                 Адамдар  үй қояндарын
             үйде де, қоян фермасында
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             да өсіреді.
                 Қоян фермасында екі қа-
             батты торларды екі қатар
             етіп қояды, өтетін жолдың

             үстіне шатыр орнатады.
                 Ересек аталық және ана-
             лық қояндарды жеке тор-
             ларда, ал жас қояндарды
             топтық торларда ұстайды.                              174-сурет
                 Аналық  қояндарға  ар-
             налған тор екі бөліктен жасалады, бір бөлігі жарық, екінші
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             бөлігінде қараңғы болады (174-сур.). Металл тордан жасал-
             ған жарық бөлігінде аналық қоян қоректенеді, ал қараңғы
             бөлігінде шөптен ұя жасайды. Ал аталық қояндар мен жас
             қояндарға арналған торлар жарық болады.

                 Жазда қояндарға шөп, жем береді. Қыста кептірілген
             шөп, жем, сәбіз және қырыққабат береді.







 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          140
   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147