Page 16 - Жаратылыстану_8_кл_оқулық+
P. 16

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                 Шұбалшаң топырақтың құралуында қандай рөл                                       special.edu.kz.
             атқарады?

                 Шұбалшаңдар қарашірікке бай, ылғалды жерде тіршілік
             етеді (8-сур.). Жаңбырдан кейін су топырақтан ауаны ығыс-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             тырады, сол себепті шұбалшаңдардың тыныс алуы қиындай-
             ды. Олар індерін тастап, жер бетіне жорғалап шығады. Сон-
             дықтан оларды жаңбыр құрты деп те атайды. Шұбалшаңдар
             табиғатта маңызды рөл атқарады. Бұл – пайдалы жануар.
             Олар топырақты араластырады, өсімдік қалдықтарын қоса-

             ды. Шіріген өсімдік қалдықтары қара шірікті құрайды. Шұбал-
             шаңдар          қозғалысымен
             топырақты          қоп сытады.
             Бұл топырақтың ауамен
             қанығуына  көмектесе ді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Су  борпылдақ  топырақ
             арқылы жақсы өтіп, топы-
             рақты ылғалдандырады.
             Шұбалшаңдар топырақты
                                                                   8-сурет
             өзі арқылы өткізіп, топы-
             рақ құрылымын жақсартады. Бұның барлығы топырақтың
             құнарлылығын арттыруға көмектеседі.
                 Кірпі, көртышқан, жертесер, қараторғай, бақалар шұбал-
             шаңмен қоректенеді.
                 Шұбалшаңдарды қорғау керек. Жерді шұбалшаңдарға
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             зиянды тыңайтқышпен өңдеуге болмайды.
                 Өсімдіктермен жұмыс кезінде де топырақты қатты тығыз-
             дауға болмайды. Бұл шұбалшаңдардың топырақта қозға-
             луын қиындатады. Жерде шұбалшаңдар қаншалықты көп
             болса, сол жер де соншалықты құнарлы болады.

                    Шұбалшаңдар қайда тіршілік етеді?
                    Шұбалшаңдардың табиғатта атқаратын рөлі қандай?
                    Шұбалшаңдар неге құрғақ топырақта тіршілік ете алмайды?

                 17-беттегі №1-3 тапсырмаларды орында.


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21