Page 176 - Жаратылыстану_8_кл_оқулық+
P. 176

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                 Түйеге өркештің не қажеті бар?                                                  special.edu.kz.


                 Түйелер жусанмен, түйеті-
             кен тікенегімен, сексеуілмен
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             қоректенеді, тұзды суды да іше
             береді.
                 Түйелердің арқасында бір
             немесе екі  өркеші  болады.
             Жануарлар жайылымда жа-

             йылғанда көп қоректенеді, май
             жинайды. Өркешіндегі майдың                             219-сурет
             арқасында түйелер қорексіз
             де ұзақ уақыт жүре береді. Түйенің өркеші үлкен болса не-
             месе екі өркешті болса, ол соғұрлым төзімді болады.
                 Сондай-ақ өркеші түйені қатты Күн көзінен қорғайды.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Түйелер – өте төзімді жануарлар. Олар сусыз екі аптаға
             дейін, ал қорексіз бір айға дейін тіршілік ете алады.
                 Бір өркеші (219-сур.) бар түйелер көбінесе Түрікменстан-
             да, ал екі өркештілер (218-сур.) Қазақстанда кездеседі.



                 Адамдар түйені не үшін өсіреді?


                 Бұрын түйелерді шөл кемесі деп атаған. Оларсыз Ұлы жі-
             бек жолы бойымен жүк тасу мүмкін болмайтын. Қазіргі кез-
             де түйелерді жүк тасымалдау үшін қолданбайды. Оларды ет,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             тері жүн және сүт алу үшін өсіреді. Терісінен аяқкиім тігеді.
             Жүнінен көрпе тігеді, жүн бұйымдарын тоқиды, киіз жасай-
             ды. Сүтін сүт қалпында да пайдаланады, сондай-ақ түйе сүті-
             нен шұбат дайындайды. Тезегін отын ретінде пайдаланады.


                    Түйелер ыстық құм үстімен қалай жүре алады?
                    Түйе шөл тіршілігіне қалай бейімделген?

                    Адам түйені не үшін өсіреді?




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          174
   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181