Page 9 - Жаратылыстану_8_кл_оқулық+
P. 9

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



            Жануарларда қандай мүшелер жүйесі болады?                                            special.edu.kz.


            Жануарлардың мүшелері бір топқа –  мүшелер жүйесі-
        не біріктірілген. Жүйедегі мүшелердің үйлесімді жұмысы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        бүкіл ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Мүшелер
        жүйесі:

            1. Тері жабыны (сыртқы мүшелер) – ағзаны қоршаған
               ортадан қорғайды: тері, мамық, жүн.

            2. Тірек қозғалыс – қаңқа денеге тірек болады, ал бұл-
               шықет қозғалыспен қамтамасыз етеді.

            3. Тыныс алу – ағзаға оттегі әкеліп, көмірқышқыл газын
               шығарумен қамтамасыз етеді: тыныс алу жолдары,
               өкпе.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            4. Асқорыту – тамақты ағзаның қорытуы үшін дайындай-
               ды: ауыз, өңеш, асқазан, ішек.

            5. Қанайналым – қанның ағза бойынша қозғалуын іске
               асырады, ағзаны оттегімен және қоректік заттармен
               қамтамасыз етеді: тамырлар, жүрек.
            6.  Зәр шығару – ағзадан суды және зиянды заттарды

               шығарады: бүйрек, аналь тесігі.
            7.  Жүйке жүйесі  ағзаның  әрекетін реттейді: бас миы,

               жұлын, жүйкелер.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            8. Сезім мүшелері сыртқы әлеммен байланысты қамта-
               масыз етеді: көз, құлақ, мұрын, тіл.

            9. Көбею мүшелері балаларының пайда болуын қамта-
               масыз етеді.

            Әртүрлі жануарлардың мүшелер жүйесі де әртүрлі бо-
            лады.








 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                              7        special.edu.kz.
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14