Page 123 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 123
special.edu.kz.
special.edu.kz.
3. Мәтінді түсініп оқы. Саған қандай бағдарламалар ұнайды? special.edu.kz.
Ғаламтордағы барлық ақпаратқа сенетінмін. Бірде мы-
нандай қызық оқиға болды. «YouTube» желісіне жүктелген
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мәлімет бойынша ұялы телефонымды суға салып, беріктігін
тексердім. Аздан соң телефоным істен шығып қалды. Демек,
ғаламтордағы барлық ақпаратқа сенуге болмайды екен.
Сенде де ғаламторға байланысты қызық жағдайлар болды ма?
«YouTube» желісінен қандай бағдарламаларды көресің?
4. Мәтінді тыңда. Мәтін бойынша сұрақ қой.
Компьютермен жұмыс істеу ережесі
Дәрігерлердің айтуы бойынша, компьютерде балалар
2 сағаттан, үлкендер 5 сағаттан артық отырмауы керек.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Компьютерден жарты метр алыс отыр. Компьютерде ұзақ
уақыт отырма. Керек кезде ғана пайдалан. Көзіңнің жанары
нашарлайды.
Күнделікті компьютерде отыратын уақытыңды белгіле.
Компьютерде отырғанда 15 минут сайын үзіліс жаса. Үзіліс
кезінде көзіңе жаттығу жаса. Оңға, солға, төмен қарап, кө-
зіңді айналдыр. Терезеден алысқа қара. Содан кейін өзіңе
жақын тұрған затқа қара. Осындай жаттығуды бірнеше рет
қайтала.
Компьютер тұрған бөлме шаң болмауы керек. Бөлмені
желдетіп, ауасын тазарт.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мәтіннен «компьютер» деген сөзі бар сөйлемдерді септіктердің
ретімен көшіріп жаз.
Сұрақ қой. Септік жалғау түрлерін анықта.
5. Жұмбақтарды оқы. Жауабындағы сөздерге дыбыстық талдау
жаса.
Төртбұрышты әйнек, Тетігін бассаң алаңсыз,
Тұнып тұрған әлек. Жазады қалам қағазсыз.
(Монитор) (Пернетақта)
special.edu.kz. special.edu.kz. 121 special.edu.kz.