Page 23 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 23

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                              Жері байдың – елі бай                                              special.edu.kz.


                    1. Мәтінді түсініп оқы.

            Қазақстан – кен байлықтары жағынан Жер шарындағы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        бай аймақтардың бірі. Кен байлықтар  үш топқа бөлінеді.
        Бірінші топқа мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары
        жатады. Екінші топты темір, марганец, мыс, қорғасын, мы-
        рыш, алюминий және алтын кен орындары құрайды. Үшінші
        топқа қалайы, күміс, фосфор кен орындары кіреді.

               Кен байлықтарының атауларын үш топқа бөліп, көшіріп жаз.
               Кен байлықтарының пайдасы туралы мысал келтір.


                    2. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жаз.

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары
        анықталды. 102 кен орны Каспий теңізі аймағында. Мыса-
        лы, мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ

        сияқты ірі кен орындары бар. Оңтүстік Маңғыстау мен Сол-
        түстік Үстірт – Бозащы аймағындағы ең ірі кен орындар –
        Өзен, Жетібай, Қаражамбас, Солтүстік Бозащы. Оңтүстік
        Торғай алабында Құмкөл, Майбұлақ, Ащысай және т. б. жұ-
        мыс істеуде.
                                                                  (Энциклопедиядан.)

               Жалқы есімдерді теріп жаз. Олардың жазылу ерекшеліктерін
        түсіндір.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                    3. Өлеңді оқы. Өз ойыңды айт. Өлеңді көшіріп жаз.

                Анамыздай тілеуі ақ

                                                         Кенге толы қойнауы,

                                                         Төлге толы жайлауы.


                Отан бізде біреу-ақ!

                Ол – біздің Қазақстан!

                                                         Ол – біздің Қазақстан!
                                                                         (М. Әлімбаев)
               Қандай пайдалы қазбаларды білесің? Ақпарат жина.
               Өлеңнің мағынасын өз сөзіңмен айтып бер. Өлеңді жаттап ал.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                              21       special.edu.kz.
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28