Page 61 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 61

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                  Табиғатты қорғау – баршаның міндеті                                            special.edu.kz.


                    1. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің соңғы сөйлемін көшіріп ал.
                 «Экология» деген не?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Табиғатты қорғау – әр адамның парызы. Халқымыз та-
        биғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өніп-өседі.
        Өсімдік – тіршілік тірегі. Өсімдіктер әлемі, жасыл желектер
        ауаны улы газ бен шаңнан тазартады.
            Экология – «тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта» деген
        ұғымды білдіреді.

                Халқымыз  не  үшін  табиғатты  анаға  теңеген?  Экология  сөзін
        басқаша қалай айтуға болады?
               Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері туралы не білесің?
        Ақпарт жина. Өз ойыңды әсерлі, мазмұнды жеткізуге үйрен.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                    2. Мәтінді оқып, өз ойыңды айт. Мәтіннің бірінші және соңғы
                 сөйлемдерін көшіріп жаз.

            5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік
        күні. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Ме-
        реке күні әртүрлі ойын-сауық, ағаш отырғызу, сурет салу,
        саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар жүргізіледі.
            Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен
        таза ауа қалдыру – біздің борышымыз.

               Мәтіннің бесінші және алтыншы сөйлемдерін көшіріп жаз. Сөй-
        лемдердегі сөз таптарын ата.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
               3. Көп нүктенің орнына септік жалғауларды қойып, сөйлемдерді
        көшіріп жаз.

            1.  Табиғат... басты байлығы – жер.
            2.  Жер – біз... қазынамыз, байлығымыз.
            3.  Жер – біз... алтын бесігіміз.
            4.  Анамыз... қалай жақсы көрсек, табиғатымыз... да сүйе
        білуіміз керек.
            5.  Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                              59       special.edu.kz.
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66