Page 40 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 40

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
                                   ҚОРЫТЫНДЫ

              Тілді оқытудың негізгі мақсаты – тілді шынайы да толық-
           қанды қарым-қатынас құралы ретінде үйрету. Әр тілді үй-
           рену  –  сабағы  қарым-қатынас  тәжірибесі,  себебі  әр  сөз
           сол елдің өмірі мен мәдениетін, қоғамдық ой-пікірін, өзіндік
           ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен бірге өзге ұлт өкілдеріне
           қазақ  тілін  үйрету,  тіл  үйренушілердің  қазақ  тілін  оқып,
           жазу және мұғалімнен, оқулықтан, жұмыс дәптерінен алған
           білімдері қазақ елі жайлы жарнама емес, керісінше қазақ
           халқының көзімен қарау қабілетін дамыту негізі болып та-
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           былады.
              Зерде даму бұзылыстары бар балаларға тән белсенді
           сөйлеу тілінің ұзақ уақыт болмауы, олардың айтылған сөзді
           жеткілікті деңгейде түсінбеуі сөйлеу тілінің коммуникативтік
           атқарымының қалыптасуын қиындатады. Ал сөйлеу тілдік
           қарым-қатынассыз  баланың  толыққанды  дамуы  мүмкін
           емес. Сондықтан сөйлеу тілін тілді практикалық тұрғыда
           меңгерту негізінде дамыту тіл дамыту сабақтарының басты
           міндеттерінің бірі болып табылады. Осындай балаларға екінші
           тілді үйрету өте күрделі де қиын жұмыс болып табылады.
           Осыған байланысты мұғалім сабақта ұсынған материалдың
           сыныптағы оқушылардың басым бөлігі үшін қолжетімді болып,
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           сабақ, негізінен, ойын түрінде жүргізілетінін есте сақтауға
           тиісті. Сабақ барысында сабақ міндетіне сәйкес сан алуан
           түрлі көрнекі және дидактикалық материалдар пайдаланы-
           лады. Ойын түрінде ұсынылған зерде даму бұзылыстары бар
           балалар үшін қолжетімді дидактикалық материал олардың
           оқуға деген қызығушылығын арттырады, жағымды әсер туды-
           рады, балаларды жаңа сабаққа бейімдеп, олардың тәртібінің
           жағымсыз  жақтарын  бәсеңсітуге  мүмкіндік  береді.  Ойын
           әрекеттері тілдік материалдарды меңгеруге, сөздік қорын
           молайтуға, тілдесім әрекетіне жетелеуге көмектеседі. Сабақ
           қызықты, тартымды, қолжетімді болған жағдайда ғана қандай
           да бір оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           38
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45