Page 43 - 2.1.1
P. 43
special-edu.kz.
special-edu.kz.
12 52. Мәтінді мәнерлеп оқы. special-edu.kz.
Жақсы бала
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Аян тәтесінің баласы екеуі саябаққа бар-
ды. Олар жолда Әлиямен кездесіп қалды.
Әлия қасындағы кісінің қолынан ұстап
алыпты. Ал қарт кісі таяғының ұшымен жерді
сипалап келеді. Аян бірден: «Е-е, мына кісі-
нің көзі көрмейді екен ғой», – деп ойлады.
– Атаң ба? – деп сұрады Аян қартты иегі-
мен нұсқап.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Иә, көрші тұрамыз, – деп, Әлия басын
изеді.
Осы кезде қария:
– Бұл қай бала? – деп құлағын тосты. Аян
сасып қалып:
– Ассалаумағалайкүм, ата! – деді дауыстап.
– Аман бол, балам, көп жаса! – деді қария. –
Шамасы Әлияны білесің ғой деймін.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Иә, ата, – деді Әлия. – Біздің сыныпта
оқиды. Жақсы бала.
«Жақсы бала» деген сөз Аянның құлағына
жағып кетті.
(Қ. Жаманбаева)
• Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
• Мәтіннің неше бөліктен тұратынын айт.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
• Мәтіннен мәндес сөздерді тап.
41