Page 65 - 2.1.2
P. 65

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                      Теледидардан спорт хабарларын                                              special-edu.kz.

                                        тамашалаймын


                  65
                                Сөз және оның мағынасы
                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.                          Болашақ футболшы                                       special-edu.kz.
                    1. Мәтінді түсініп оқы.







                       Жақып футбол ойыны дегенде ішкен асын

                                                                        *
                 жерге қоя тын жанкүйердің  өзі.
                       Бүгін ол баласымен стадионға келді. Ха-

                 лық көп екен. Кешікпей ойын басталып та
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 кетті.

                       – Анау көк майкалылар – біздің «Қайрат»

                 командасы. Ал мынау ақ майкалылар – Таш-

                 кенттен келгендер... – деп, Жа қып ойынның

                 мәнін ұлына ұғындыра бастады.

                       –  Әне,  көрдің  бе?  Қалай  жақсы  тебеді.

                 Есжанов! Өзің апар! Өзің! Өзің! Қап, әттеген-ай!
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                       Жақып  ұлына  қараса,  ол  да  мәз-мейрам

                 болып  отыр  екен.  Қарсыластар  қақпасына
                 кірген  екі  допты  өзі  соққандай  қуанышты

                 көңіл күйде.

                       Көп ұзамай ойын аяқталды. Болашақ фут-

                 болшы әкесі екеуі үйіне қайтты.

                                                                             (Бәкір Тәжібаев)



                 • Түсінбеген сөздеріңді белгілеп, олардың мағы-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 наларын түсіндірме сөздіктен біліп ал.

                                                                                                      63
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70