Page 231 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 231

07. mр3


                                Арман қала – Астана



                 Ағылып Атыраудан, Алатаудан,

                 Көш қонды Қараөткелге таласа ауған.

                 Жайнайды Астана ару алқасындай,

                 Ғажайып ғимараттар жаңа салған.

                 Сарыарқа сауырында,

                 Ерке Есіл бауырында

                 Келеді бой көтеріп арман қала.

                 Арман қала!

                 Асыл дала!

                 Жаңа астана! Әз Астана! Астана!

                 Төріне туған жердің туын тігіп,

                 Ерекше ел еңсесі бүгін биік.

                 Астана – Ақ Ордасы қазағымның,

                 Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.

                 Сарыарқа сауырында,

                 Ерке Есіл бауырында

                 Келеді бой көтеріп арман қала.

                 Арман қала!

                 Асыл дала!

                 Жаңа астана! Әз Астана! Астана!

                 Көз тоймас келбетіңе – қандай көркем!




             230
   226   227   228   229   230   231   232   233   234   235   236