Page 239 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 239
байлап қойған екен. Содан бастап ол ке-
лінге үлкен-кіші демей жұрттың бәрі қам-
қор болып жүреді. Айталық, жүкті келінге
лас жұмыстарды істетпейді, жаман хабар
естіртпейді.
Енесі келінді айлы түнде бұлаққа ертіп
апарып, жуындыратын болған, себебі Жер-
Ана адам бойындағы барлық жаман энер-
гияны алып кететінін атам қазақ әу бастан
білген ғой. Ал айлы түнде жуындыруының
мәні мынада: ол – болашақ немерем айдай
көпке ортақ болсын, жарығы, шарапаты
көпке түссін, содан кейін судай таза, мөлдір
болсын дегені екен. Ай нұрлы, сұлу бол-
ғанымен, алыста ғой, келін ел-жұртынан,
ағайын-туыс жұрағатынан алыстап қал-
масын деп; су мөлдір болғанымен салқын
ғой, суық қой, келін суық мінезді болмасын
деп, бұлаққа жуындырып келе салып, оны
лаулап жанып тұрған отта жылындырады
екен. Ол дегеніңіз – оттай опалы болсын,
оттай жылы болсын, оттай мейірімді, бе-
рекелі болсын деп ырымдағаны екен. Енді
осыны медициналық тұрғыдан қарасаңыз,
ыстық пен суықтың алмасуы адамның ағза-
238