Page 70 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 70
Тарихи Жеткен
жыл жетістіктер
Бүкілхалықтық талқылаудан
кейін 1992 жылғы маусымда
Жоғарғы Кеңестің сессиясы
Республиканың жаңа мемле-
кеттік Туы мен Гербін бекітті.
Ту авторы – суретші Шәкен
Ниязбеков, Герб авторлары:
сәулетшілер Жандарбек Мәлі-
беков, Шот-Аман Уәлиханов.
11 желтоқсанда Гимн мәтіні
бекітілді. Мәтінін жазғандар:
Мұзафар Әлімбаев, Қадыр
Мырзалиев, Тұманбай Мол-
дағалиев, Жадыра Дәрібаева.
Әуенін жазғандар: Мұқан Тө-
лебаев, Евгений Брусиловс-
кий, Латиф Хамиди (1944 жыл-
ғы нұсқасы сақталды).
1992 жылы Алматы қаласын-
да Дүниежүзі қазақтарының
І Құрылтайы өтті.
69