Page 59 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 59
Қимыл-сын бағыныңқы
сабақтас құрмалас сөйлем
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас
құрмалас сөйлем – бағыныңқы сөйлем
басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орын-
далғанын білдіретін сабақтастың түрі.
Бағыныңқы сөйлемінің баяндауышта-
ры мынадай тұлғалардан жасалады:
1. -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы
көсемшеден болады: Алыста жүрген
немересін есінен шығармай, тілеуін ті-
леп отыратын. Бүкіл ауыл көңілденіп,
думанды боп қалады.
2. Есімше тұлғасына -дай, -дей жұр-
нағы жалғанып жасалады: Балалар
бір анадан туғандай, түрлері бір кел-
бетте.
3. Есімше тұлғасына күйі, күйінде,
қалпы, қалпында, бетте деген көмекші
есімдердің тіркесуі арқылы жасалады:
Қоңырқай сопақша беті күреңденген
күйі, бала жұмысына қайта кірісті.
58