Page 78 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 78
беттерінен оқитын күн келмеске кеткен
жоқ па?!
Бүгінде Америка мен Еуропаның белді
газет-журналдары қағаздық нұсқаларын
қысқартып, онлайн режіміне өтіп жатыр.
Америка газеттер қауымдастығының
статистикалық ақпаратына сенсек, соң-
ғы жылдары күнделікті басылымдардың
таралымы өте жылдам түсіп барады. Мә-
селен, АҚШ-та тарайтын 395 күнделікті
газет болса, оның ішіндегі ең ірісі әрі
таралымы көп басылым – «USA Today»
болып саналады. 2008 жылы 2 млн 113
мың таралымы болған газет айналдырған
жарты жыл ішінде қағаздық нұсқадағы
таралымының 7,5%-ға төмендегенін мо-
йындаған. Содан болар, Батыс басылым-
дары онлайн режіміне көшіп, ғаламторға
газеттік және сайттық нұсқаларын бірдей
енгізуге атсалысып келеді. Газеттердің
қағаздық нұсқасының азаюына «жасыл-
дар» да мүдделі сияқты. Батыста таби-
ғатты қорғау мәселесі өте өзекті болған
77