Page 84 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 84
райды. Бұл мәлімет Халықаралық стра-
тегиялық зерттеулер институтының баян-
дамасында айтылған. «Тұтастай алғанда
2015 жылы соғыстан қаза тапқандар 2014
жылғымен салыстырғанда азайған», – деп
айтылған аталмыш баяндамада. Қарулы
қақтығыстың тағы бір ошағы саналатын
Ауғанстандағы жағдай да көңіл көншіт-
пейді: 2013 жылы 3,5 мыңға жуық адам
ажал құшса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 15
мыңға жеткен.
Соңғы үш жылда соғыстан бас сауға-
лаған босқындар қарасы артқан. 2013
жылы әлем бойынша 33 млн адам босып
кеткен. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 43
млн-ға жеткен. 2015 жылы жарты жылдың
ішінде 46 млн-нан асқан.
2. Мәтінде аталған мемлекеттер неліктен
қақтығыс ошақтары болып отыр? Өз
ойларыңмен бөлісіңдер.
83