Page 19 - КАЗАК ТИЛИ_1 часть_2019_original
P. 19
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
13. Мәтінді тыңда. дүниежүзі
Глобус
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Үшінші «А» сыныбында бір Глобус жылап тұр екен.
– Сұмдық-ай!.. – деді мұғалім шошып. – Сені осын-
шама жәбірлеген* кім?
– Шаншаров, – деді де, Глобус қыстыға жылап
жіберді. – Ол кеше сабақтың соңында бокс көрсе-
темін деп мақтанып, менің басымнан төмпештеді*.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Әй, Шаншаров-ай... – деп кейіді мұғалім. –
Глобуста нең бар еді? Қазір бүкіл дүниежүзі
бейбітшілік үшін, Жер-Ананың жүрегіне жара
салмау үшін күресіп жатқанын білмегенің бе?
Орнынан сүйретіле түрегелген Шаншаров ұял-
ғанынан қып-қызыл болып төмен қарады. Мұғалім-
нің нені меңзегенін* түсінді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
(Нұрғали Оразовтан.)
• Мәтін кейіпкерлерін сипаттап жаз.
• Мәтіннен тірек сөздерді тап.
• Қарамен жазылған сөйлем туралы өз пікіріңді
айт.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
17