Page 61 - КАЗАК ТИЛИ_3 часть_2019_original
P. 61

special.edu.kz.
                                                                                                 special.edu.kz.
 special.edu.kz.



            – Ата, ана кісі сіздің әкеңіз бе? – деп Әуезовтің

        суретін көрсетті.

            Атам Ержанға мойнын бұрып:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Кімді айтасың? – Немересінің шошайған сау-

        сағының нені нысанаға алғанын көріп, күліп жіберді.

            – Ол – ұлы адам. Өте үлкен жазушы, – деп түсін -

        діре бастағанда, Ержан балаға тән шыдамсыздық-

        пен сөзді бөліп жіберді.

            – Е-е, ол да Момышұлы екен ғой.


            – Неге Момышұлы болады? – Атам таңданған
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        кейіпте қолындағы екі-үш хатты үстел үстіне тастай

        салды.

            – Ешқандай Момышұлы емес. Ол – Мұхтар Әуе-

        зов, – деді.

            – Өзіңіз ұлы дедіңіз ғой. Ұлы болса, ол да Мо-

        мышұлы болады, – деп, Ержан өз жорамалын айтып


        қояр емес.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Атам басын шайқап, немересіне ұқтыруға кірісті.


                                                                  (Зейнеп Ахметовадан.)


                    • Мәтін кім/не туралы?





                         Мұхтар                                    Үлкен портрет
                  Әуезов туралы                                           туралы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.




                                                                                                      59
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66