Page 36 - КАЗАК ТИЛИ_4 часть_2019_original
P. 36

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                    – Су дегенің көл ме? – дейді қойшы.                                          special.edu.kz.
                    – Өзің қалай қисық сөйлейсің? Бізге ауызсу ке-


                рек!– дейді айқайлап.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                    – Мен хан ішеді деп қасқиып жатқан бұлақ көр-


                генім жоқ, – дейді қойшы. Хан қатты ашуланып:
                    – Неге  судың жөнін айтып  бермейсің?..  Қазір


                басыңды алғызайын. Алыңдар мынаның басын! –
                деп, жендеттеріне әмір етеді. Қойшы:


                    – Тақсыр, хан, дат! – дейді.
                    – Датың болса айт! – дейді хан.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                    – Мен қой бағып жүрген қойшымын. Менің басым-
                ды алғаныңызды елеп, сондай бір жауды жеңіпті деп


                сіздің батырлығыңызды ешкім дәріптей ме? Қайта
                «қолында қаруы жоқ, қасында қорғаушысы жоқ


                қойшыны өлтіріпті» деп күледі ғой. «Жауына әлі кел-
                меген соң, кегін қол астындағы қойшыдан алыпты»


                демей ме. Аламын десеңіз, міне, басым, – деп қойшы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                тізерлеп отыра кетіпті.

                    Хан сөзден жеңіліп, қойшыны босатыпты. Ал қой-
                шы судың қайда екенін айтып беріпті.


                                 (Ел аузынан жазып алған – Сапарғали Бегалин)



                    • Хан әскерімен бірге қайда тап болды?

                    • Хан қойшыдан не сұрады және ол неге ашуланды?

                    • Қойшы ханды сөзден не деп жеңді?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.




               34
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41