Page 63 - КАЗАК ТИЛИ_4 часть_2019_original
P. 63
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сол қос Пырақты мінген ерлер дүниені шарлапты.
Көп уақыт өткен соң: «Отан – оттан да ыстық», –
деп, олар туған еліне қайтып оралыпты. Сонда қос
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Пырақтың алдынан қалқыған Қыран шығып:
– Иә, не көрдіңдер, не түйдіңдер? – депті.
Сонда қос Пырақ:
– Көргенімізді айтсақ, көп сөз, түйгенімізді айтсақ,
әркімнің өз жері жұмақ екен, – депті.
– «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың», –
деп қостапты Қыран.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Шаңырағымызды өз еліміздің төріне тігуге бел
байладық, – дейді қос Пырақ.
– Онда алдарыңнан жарылқасын! Шаңырағымыз
биік болсын! – дейді Қыран.
Сонда қос Пырақ тұрып:
– Тауып айттың, Қыран! «Ынтымақ түбі – игілік»
дейді. Сол игіліктің арқасында «Қазақстан» атты
елдің мәңгілік рәмізіне айналсақ, біз үшін бақыт
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
емес пе?
– Онда бақытымыз баянды болсын!
Міне, қысқаша түйіп айтсақ, еліміздің Елтаңбасы
мен Туы осылайша пайда болыпты.
(К. Оразбекұлынан.)
• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
61